Ақтөбе облысында 45 жолаушы отырған автобус аударылды

0
852

Автобус Шымкенттен Екатеринбургке бара жатқан.


Ақтөбе облысында 45 жолаушы отырған автобус аударылды

ERNUR.KZ. 26 ақпанда Ақтөбе облысында Қарабұтақ ауылының маңында автобус аударылды. Салонда 48 адам болған - 45 жолаушы мен 3 жүргізуші, деп жазады tengrinews.kz.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, автобус Шымкенттен Екатеринбургке бара жатқан. Жол апаты шамамен сағат 20.00-де Қарабұтақ ауылынан 20 шақырым жерде болған. Автобус жолдың шетіне аударылып кеткен.

Автобуста 48 адам болғаны айтылады - үш қазақстандық жүргізуші мен Тәжікстанның 45 жолаушысы. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Жолаушыларды құтқарушылар мен полицейлер эвакуациялаған.