Ақтөбе облысында 63 өзбекстандық құтқарылды

0
471

Олар мектепке орналастырылды.


Ақтөбе облысында 63 өзбекстандық құтқарылды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жолда қалған автобустан 63 өзбекстандық эвакуацияланды. Жолаушылар автобусы Қарабұтақ-Костанай тасжолының 144-шақырымында бұзылып қалған, деп жазады tengrinews.kz.

"12 наурызда 112 құтқару қызметіне Әйтеке би ауданы Қарабұтақ-Костанай тасжолының 144-шақырымында автобус бұзылып тұрып қалғандығы туралы ақпарат түсті. Шақырту орнына құтқарушылар мен техника жіберілді. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 63 Өзбекстан азаматы Әйтеке би ауданы мектебіне орналастырылды", - делінген хабарламада.