Ақтөбе облысында астық тиелген вагондар рельстен шығып кетті

0
915

Оқиғаға орай Атырау – Алматы, Әндіжан – Мәскеу және Ташкент –Мәскеу бағытында жүретін жүрдек пойыздар бірнеше сағат бойы тоқтап тұрды.


Ақтөбе облысында астық тиелген вагондар рельстен шығып кетті

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жүк пойызының астық тиелген вагондары аударылып қалды, деп жазады 24.kz.

Оқиға кеше кешкісін Шалқар ауданының Тоғыз станциясы маңында болған.

«Сексеуіл – Бейнеу» бағытындағы пойыздың арпа тиелген соңғы төрт вагоны рельстен шығып кетіпті. Нәтижесінде 300 метр темір жолға зақым келген. Оқиғаға орай Атырау – Алматы, Әндіжан – Мәскеу және Ташкент –Мәскеу бағытында жүретін жүрдек пойыздар бірнеше сағат бойы тоқтап тұрды.

Ал, бұзылған жолды қалпына келтіру үшін құрамында 30 жұмысшысы бар топ жұмылдырылған. Нәтижесінде айналма темір жол салынып, кестесінен кідірген пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді.