Ақтөбе облысында ауылдың экс-әкімі аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін сотталды

0
1 801

Бағдарлама бойынша 40 бас жылқы сатып алу үшін жалпы сомасы 11 840 000 теңге несие берген.


Ақтөбе облысында ауылдың экс-әкімі аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін сотталды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданына қарасты ауылдық округтің бұрынғы әкіміне қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Tengrinews.kz.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалы шаруа қожалығының иесіне "Құлан" бағдарламасы бойынша 40 бас жылқы сатып алу үшін жалпы сомасы 11 840 000 теңге несие бергені анықталды.

"Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен ауылдық округ әкімі ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшердегі алаяқтық") бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ақшаны өз мұқтаждығына пайданалану мақсатында жалған құжат пен қолхат жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.