Ақтөбе облысында депутат жоқ малға субсидия алған

0
359

Жалпы келтірілген шығын көлемі 457 млн теңге.


Ақтөбе облысында депутат жоқ малға субсидия алған

ERNUR.KZ. Ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша аудандық мәслихат депутатына қатысты ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

"Шаруа қожалығы атынан шын мәнінде жоқ малға субсидия алуға өтініш берген. Сондай-ақ, бұл азамат "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған", деп жазылған таратылған ақпаратта.

Жалпы келтірілген шығын көлемі 457 млн теңге. Қазіргі уақытта бұл азамат ұсталып, оған қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған.