Ақтөбе облысында ер адам өзінің бір жасар баласын көлігімен басып кетті

0
744

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала басынан ауыр жарақат алып, ауруханасына жеткізілді.


Ақтөбе облысында ер адам өзінің бір жасар баласын көлігімен басып кетті

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында Оpel көлігінің жүргізушісі өзінің бір жасар баласын басып кетті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиға 7 тамыз күні болған. Opel Astra көлігінің 48 жастағы жүргізушісі өз үйінің ауласында артқа жүрмек болғанда бір жасар баласын басып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала басынан ауыр жарақат алып, жедел түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.