Ақтөбе облысында сот қызметкері өзінің жалақысын "қолдан" көтеріп алған

0
690

Ол 1 млн 176 мың теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке алынды.


Ақтөбе облысында сот қызметкері өзінің жалақысын

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаментімен бірлесіп, "сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады" деген күдікке алынған "Ақтөбе облысы бойынша сот әкімшісі" РМБ қаржы бөлімінің басшысын тексеріп, қылмысын әшкереледі, деп жазады zakon.kz.

"Ол жалақысын негізсіз өсіре отырып, жалпы сомасы 1 млн 176 мың теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке алынды", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Кінәсін мойындағандықтан, күдіктінің қорғаушысының кепіл етуімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары қысқа уақыт ішінде аяқталып, оған тергеу кезінде қамауға алу шарасы қолданылған жоқ.
Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.