Ақтөбе облысында үш ер адам зорланған

0
1 523

Үш ер адамның екеуі - 20 жастан 30 жасқа дейінгі, ал біреуінің жасы - 40-50 аралығында.


Ақтөбе облысында үш ер адам зорланған

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасы зорлық-зомбылыққа ұшырағандар туралы статистиканы жариялады. Зорланғандар статистикасы арасында үш ер адам да бар, деп жазады Zakon.kz.

6 қазанда астынан қан кетіп, облыстық балалар клиникалық ауруханасына 15 жастағы қыз түскен. Жасөспірім қызды Заречный-2 ауылында 24 жастағы ер адам жүк көлігіне кіргізіп алып зорлаған болып шықты.
Зорлық-зомбылыққа үлкендер де, ер адамдар да ұшырайды. Мәселен, жыл басынан бері Ақтөбе облысында 18 жастан асқан 48 әйел, тіпті үш ер адам зорланған. Үш ер адамның екеуі - 20 жастан 30 жасқа дейінгі, ал біреуінің жасы - 40-50 аралығында.
Жыл басынан бері осы факті бойынша қолға алынған 48 істің тек үшеуі ғана "Зорлау" бабы бойынша сотқа жолданды. Тек бір қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Онда да оған 3 жыл 6 ай шартты түрде жаза кесілді. Қалған екі іс бойынша тараптар сотта татуласып, қылмыстық қудалау тоқтатылды.