Ақтөбе облысында жасөспірім найзағай түсіп мерт болды

0
602

Қайғылы оқиға 20 мамырда сағат 19:00 шамасында болған.


Ақтөбе облысында жасөспірім найзағай түсіп мерт болды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында ер адам мен жаспөспірімге найзағай түсіп, салдарынан біреуі қаза болды, деп жазады Stan.kz.

Қайғылы оқиға 20 мамырда сағат 19:00 шамасында болған. Ақтөбе қаласының маңындағы Белогорка ауылында 27 жастағы ер адам мен 15 жастағы балаға жай түсті. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Ал ер адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде жағдайы қалыпты.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын барынша сақтау қажеттігін еске салды. Атап айтқанда, биік ағаштар мен электр желілердің жанында тұруға болмайды. Найзағай кезінде суға түспеген жөн. Себебі жай түссе, су арқылы мерт қылуы әбден мүмкін.

"Сосын қолда ұзын темір заттарды, мәселен, қармақ пен қолшатырды ұстамау қажет. Сол сияқты темірден жасалған құрылыстардан алыс жүрген дұрыс. Телефонмен қоңырау шалмаңыз. Ол құрылғы қосылып тұрса да, найзағай түсуі мүмкін", - деп ескертті департамент мамандары.

Найзағай кезінде металл заттарды да тақпаған жөн.