Ақтөбе облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты (видео)

0
608

Тағы 4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.


Ақтөбе облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты (видео)

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты. Апат Ақтөбе – Астрахань тасжолында болған, деп жазады stan.kz.

"22 қарашада Мұғалжар ауданы Елек ауылының жанындағы Ақтөбе - Астрахань автожолында ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан. Lada қарсы бағыттағы Kia Sorento көлігімен соқтығысты", - делінген бейсенбі күні тараған ақпаратта.

Апат салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 6 жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.

Kia автокөлігінің 4 жолаушысы дене жарақатын алды.