Ақтөбе облысында жол апатынан шетелдік ерлі-зайыптылар көз жұмды

0
464

48 жастағы жүргізуші және оның 49 жастағы әйелі оқиға орнында қайтыс болды.


Ақтөбе облысында жол апатынан шетелдік ерлі-зайыптылар көз жұмды

29 наурыз күні Ақтөбе-Астрахань автожолында Қарауылкелді ауылының маңында КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі екінші жолдан бас жолға шығып, Datsun автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.



Жол апаты салдарынан Datsun көлігінің 48 жастағы жүргізушісі және оның 49 жастағы әйелі, көз жұмды. Ерлі-зайыпты Ресей Федерациясының азаматтары болған.
Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.