Ақтөбе облысындағы ауыл маңына белгісіз зат құлады

0
1 118

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.


Ақтөбе облысындағы ауыл маңына белгісіз зат құлады

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының Байғанин ауданына қарасты Ноғайты ауылы маңына зымыранға ұқсас зат құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Ғаламторға жүктелген суреттерден техникалық бөлшектерді анық көруге болады. Қазір ол аумақ қоршауға алынған. Ал жауапты органдар қандай да бір мәлімет беруден бас тартып отыр. Ноғайты елді мекені аудан орталығынан 60 шақырымдай қашықтықта жатыр. Алайда, көктен белгісіз заттың ауыл маңына түскені жергілікті тұрғындардың үрейін ұшырған.

- Қатты жарылыс болды, сосын мен қорқып кеттім. Тереземе дейін дірілдеп кетті, сосын далаға шығып, мұржам құлады ма, әлде көмір атылды ма деп ойладым. Сосын артынан мектепке келсем, бәрі естіген екен. Көршілер де айтты, «тереземіз дірілдеп кетті» деп. Артынан естідік, сондай ракетаның ауылдың шетінде жарылғанын, - дейді Ноғайты ауылының тұрғыны Гүлзада Тіле.

- Ноғайты ауылына бір жарым шақырым жерге құлаған. «Бір ракетаға ұқсас зат», дейді. Түнде мамандар келіп, анықтап жатыр. Жұмыс жасап жатыр сол жақта. Бізге ол не зат екені де белгісіз. Ракетаға ұқсас көрінеді, - дейді Байғанин аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайрат Жақашев.