Ақтөбе полициясы кішкентай баласын бөтен адамдарға қалдырып кеткен әйелді іздеп жатыр

0
423

​Ақтөбе қаласында белгісіз әйел кәмелетке толмаған ұлын бөтен адамдарға қалдырып, өзі сол күйі оралмаған.


Ақтөбе полициясы кішкентай баласын бөтен адамдарға қалдырып кеткен әйелді іздеп жатыр

ERNUR.KZ. 3 қараша күндізгі сағат 11.00 шамасында белгісіз әйел Нариманов көшесіндегі үйдің тұрғындарына дүкенге барып келемін деп баласын қалдырып кеткен. Бірақ өзі сол күйі қайтып оралмаған, деп жазады sputnik.kz.

Осы мекенжайға ювеналды полиция қызметкерлері жіберілді. Олар бүлдіршінді Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырды.
Бала шамамен 3-4 жаста, есімі Аңсар.
Полиция баланың туыстары жайлы қандай да бір мәлімет болса, 8-771-785-10-58 нөміріне немесе 102-ге хабарлауды сұрайды.