Ақтөбе тұрғыны зейнет жасын төмендетуге байланысты пикетке шықты

0
631

Мәдениет үйінің алдындағы алаңға екі тілде жазылған плакаттармен шықты.


Ақтөбе тұрғыны зейнет жасын төмендетуге байланысты пикетке шықты

ERNUR.KZ. Ақтөбеде зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуге арналған бір адамдық пикет өтті. 57 жастағы азаматша Мәдениет үйінің алдындағы алаңға екі тілде жазылған плакаттармен шықты, деп жазады Stan.kz

Ольга Смирнова Қазақстандағы әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету бастамасын көтерушілердің бірі. Әйелдердің тіпті өз ұраны мен онлайн петициясы бар.

"Бізде egov.press сайтында №942 онлайн петиция бар. Біз бұл петицияны премьер-министрге жібергіміз келеді. Оған 157 002 адам қол қойды", - деп бөлісті Ольга Смирнова.

"20-30 жылын еліне қызмет етумен өткізген өз елінің азаматтары. Көптеген белсенділеріміз созылмалы дертке шалдыққан, көбісі 55 жаста жұмыс істей алмайды. Бізге зейнеткерлер де қосылып жатыр. 63 жаста қалай жұмыс істеу керектігін білмеймін деп жазады. Әйел мен еркектің физиологиясы басқаша. Әйел босанады, менопаузадан кейін созылмалы аурулармен асқынады. Неге сол ескерілмеді. 63 жыл аз емес. Ол жасқа дейін өмір сүремін бе, білмеймін. Зейнет жасы сол жасқа дейін өмір сүру үшін емес, біраз уақыт өзің қалаған іспен айналысу, хоббимен айналысу, немере өсіру үшін емес пе?", – деді ол.