Ақтөбе тұрғыны жедел жәрдем қызметкерін ұрып тастады

0
1 561

Шұғыл көмек көрсетілгенімен фельдшер дене жарақатын алды.


Ақтөбе тұрғыны жедел жәрдем қызметкерін ұрып тастады

ERNUR.KZ. 15 ақпанда Ақтөбе тұрғыны жедел жәрдем қызметкерін ұрып тастады. Фельдшер әйел адамға көмек көрсетіп жатқанда мас ер адам оған шабуылдаған, деп жазады Stan.kz.

Ішімдік ішіп алып, өзін ашулы күйде ұстаған ер адам 26 жастағы фельдшерге тиісті. Фельдшер бұл уақытта үйге шақырған әйелге шұғыл көмек көрсетіп жатқан.

Әйел кеудесінің ауырғанын айтып, жедел жәрдем шақырған. Әйелдің туысы бұл кезде мас күйде болған. Шұғыл көмек көрсетілгенімен фельдшер дене жарақатын алды. Шырышты қабаты ауыр және орташа деңгейде жараланды. Дәрігерлер ер адам үшін полиция шақыруға мәжбүр болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем фельдшері ауруханаға жеткізіліп, жарасы таңылды. Ол полицияға арыз жазды.