Ақтөбеде -26 градус аязда 20-дан аса көпқабатты үй жылусыз қалды

0
702

Тұрғындар пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып шағымданды.


Ақтөбеде -26 градус аязда 20-дан аса көпқабатты үй жылусыз қалды

ERNUR.KZ. Ақтөбедегі бірқатар көпқабатты үйлердің тұрғындары көшеде аяз болып тұрған кезде пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып шағымданды, деп жазады inbusiness.kz.

Ақтөбеде -26 градус аязда 20-дан аса көпқабатты үй жылусыз қалды
Қаланы жылумен қамтушы "Aktobe su-energy group" АҚ "Ысырма клапандардың зақымдалуына және оны шұғыл ауыстыру қажеттілігіне байланысты Әбілқайыр хан даңғылы, М.Оспанов, Алдияров көшесіндегі 2-үй және Ғ.Жұбанова көшесіндегі 50-үйде ыстық су мен жылу беруді уақытша шектеу туралы" тұрғындарды құлағдар еткен.
Барлық жұмыстар таңғы сағат 4-те аяқталып, үйлерге жылу берілген.
"Қабылданған жедел тиісті шаралардан кейін барлық үйлерге жылу лезде толық көлемде берілді. Жылу, электр, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау сияқты негізгі көздер, сондай-ақ Ақтөбе қаласының жылу желілері штаттық режімде жұмыс істеуде", - деді Ақтөбе облыстық әкімдігі аппарат жетекшісінің орынбасары Ержан Байтанаев.