Ақтөбеде 3 күн бұрын жоғалған бүлдіршін өлі күйінде табылды

0
629

Әкесі дүкенге кіріп шығамын деп ұлын Қазанғап көшесіндегі тұрғын үй ауласына қалдырған.


Ақтөбеде 3 күн бұрын жоғалған бүлдіршін өлі күйінде табылды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жұрты жұмыла іздеген 4 жастағы бүлдіршін өлі күйінде табылды. Ол 28 желтоқсан күні жоғалып кеткен еді, деп жазады exk.kz.

Бұл туралы Zello.poisk парақшасында жарияланды. Еріктілер 28 желтоқсаннан бастап бүлдіршінді іздеді. Бірақ бұл әрекет қайғылы жағдаймен аяқталып отыр.

"Кішкентай баланы іздеуге атсалысқан барша жұртқа алғысымыз шексіз. Бірақ біз оны құтқара алмадық. Жақындарына көңіл айтамыз", делінген хабарламада.

Айта кетейік, 4 жастағы Данил осыдан үш күн бұрын жоғалды. Әкесі дүкенге кіріп шығамын деп ұлын Қазанғап көшесіндегі тұрғын үй ауласына қалдырған. Бірақ қайта келгенінде орнында болмай шықты. Дем арада баласынан көз жазып қалған ол артынша құзырлы органға дабыл қағып, іздеу салған. Бүлдіршінді іздеуге еріктілермен қатар, өңірдегі полицейлер мен сарбаздар, төтеншеліктер күш салды. Осылайша 3 күн дегенде баланың өлі денесі ғана табылып отыр.

Әзірге 4 жастағы баланың неден көз жұмғаны белгісіз.