Ақтөбеде 8 сынып оқушысы асылып қалды

0
1 077

Оқиға 30 қыркүйек күні баланың өз үйінде болған.


Ақтөбеде 8 сынып оқушысы асылып қалды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде 8 сынып оқушысы өз-өзіне қол салған. Жасөспірімді жақындары өз үйінде асылып тұрған жерінен тауып алған. Жас өреннің мұндай қадамға баруға не себеп болғаны анықталып жатыр, деп хабарлайды Astana арнасы.

Қайғылы оқиға жасөсіріпімнің өз үйінде болған. Көршілердің айтуынша, мектептен келген 13 жасар бала спорттық киімнің белдігіне асылып қалған көрінеді.

Қыршын кеткен жасөспірім үйінің тұнғышы. Артынан ерген інісі мен қарындасы бар екен. Әкесі бірнеше жыл бұрын өмірден озған. Балаларды анасы жалғыз өзі өсіріп отыр. Отбасы жуырда ғана қалаға Хромтау ауданынан қоныс аударыпты.

- Оқушы класына жақсы бейімделді. Ешқандай баламен кикілжің болмады. Ашық жарқын бәрін білуге талпынып тұратын лидерлікке бейім болды, - дейді №6 орта мектебінің педагог-психологы Гүлдана Әбішева.

Мектептегі мамандар баланы жақсы жағынан сипаттап отыр. Сондықтан оның мұндай қадамға баруына не себеп болғанын түсінбей дал. Істі полицейлер анықтап жатыр.

30 қыркүйек күні кешкі уақытта кәмелетке толмаған 13 жасар жасөспірім өз үйінде асылып қалған күйде табылды. Бала ешқандай есепте тұрмаған, оқу орны бойынша жағымды сипатталады. Аталған факті бойынша, қазіргі кезде ҚР ҚК 105 бабының 3 тармағы бойынша сот алды тергеу амалдары басталды, - дейді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің инспекторы Майя Асқарқызы.