​Ақтөбеде 9 жасар бала соқыршектен қайтыс болды

0
1 134

Аурухана қызметкерлері болған оқиғаны растапты.


​Ақтөбеде 9 жасар бала соқыршектен қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ақтөбе ауруханасында соқыршекпен ауырған тоғыз жастағы бала отадан соң қайтыс болды деп жазады nur.kz.

Баланы Ақтөбе ауруханасына Хромтау қаласынан жеткізген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев "бұндай жағдай орын алмады" деп журналистерді сендіргісі келген.

Бірақ аурухана қызметкерлері болған оқиғаны растапты.

"Бұл оқиға қаңтардың 15-нен 16-на қараған түні орын алды. Баланың соқыршегі асқынып кеткендіктен, оны Хромтаудан алып келді.

Отадан соң ол көз жұмды. Сараптамадан кейін ғана өлімнің себебін айта аламыз", - деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ерлан Сұлтангереев.

"Қайтыс болған бала Хромтаудың тумасы. Ол 15 қаңтар күні "ішінің ауырғанын айтып" ауруханаға келген.

Біздің хирург тексеріп болған соң, оған асқынған соқырішек диагнозын қойды. Сөйтіп облыстық балалар ауруханасына жіберген.

Бізде балалар хирургі жоқ. Баланың қайтыс болғанын естідік. Қазір оның өлімінің себебін ешкім айта алмайды. Сараптамадан кейін барлығы белгілі болады", – деді Хромтау аудандық аурухана өкілдері..