Ақтөбеде анасы мен баласын айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды

0
534

Күдіктіге қатысты 31 мамырға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.


Ақтөбеде анасы мен баласын айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жас келіншек пен оның 16 жасар ұлын өлтірді деген күдікті ұсталды, деп жазады zakon.kz.

Күдіктіге қатысты 31 мамырға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Бұрын хабарланғандай, 29 наурызда Ақтөбедегі тұрғын үйлердің біріндегі пәтерлердің бірінде 35 жастағы ана мен оның 16 жастағы ұлы өлтірілген күйде табылды.

Марқұмның 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Полицияны шақырған қыз болған. Қансыраған баланы жедел жәрдеммен ауруханаға алып, дереу хирургиялық үстелге жатқызды. Қыз аман қалды.