Ақтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

0
574

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Ақтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«30 қарашада облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 8 жылдан астам сот төрелігінен жасырынған Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Орынбор облысының 35 жастағы тұрғыны Ақтөбе қаласындағы жиһаз цехтарының бірінде ұсталды», - делінген polisia.kz Телеграм-каналында.

Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігі «Зорлау» бойынша іздеуде жүрген.

Қазіргі уақытта ұсталған адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.