Ақтөбеде автобустағы төбелес кісі өлімімен аяқталды

0
788

Қайтыс болған жігіттің артында жүкті әйелі қалды.


Ақтөбеде автобустағы төбелес кісі өлімімен аяқталды

ERNUR.KZ. Ақтөбенің автобусындағы жанжал адам өліміне алып келді, деп жазады Stan.kz.

Қылмыс 29 тамызда қала орталығында болған. Автобуста екі жас жігіт сөзге келіп қалған. Аялдамалардың бірінде олар сыртқа шығып, төбелескен. Бір сәтте бірі екіншісіне пышақ сұғып алған. Қанды қол оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Ал зардап шегуші қайтыс болды.

Бүгінгі таңда күдікті қамауға алынды. Қайтыс болған 21 жастағы жігіттің артында жүкті әйелі қалды.