Ақтөбеде ер адам тоқал болғысы келмеген қызды әйелінің көзінше сабаған (видео)

0
2 758

Әйел ауруханада бірнеше күн жатқан.


Ақтөбеде ер адам тоқал болғысы келмеген қызды әйелінің көзінше сабаған (видео)

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Ақтөбелік тұрғын танысын алып қашып кетіп, оны тоқалы болғысы келмегені үшін әйелі мен балаларының көзінше бірнеше сағат бойы ұрып-соққан. Облыс орталығында болған бұл оқиға жұрттың жағасын ұстатты, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл жайттан кейін зардап шеккен адам ауруханада бірнеше күн жатқан. Аты-жөнін атағысы келмеген ол журналистерге ер адаммен кездесіп жүргенін, бірақ бір жарым жыл бойы әйелі барын білгенін айтып берді.

Бұдан кейін ол бірден байланыс үзгісі келген, алайда ер адам оған маза бермеген. 8 наурызда ол үйіне келіп, шығуын өтінеді. Мерекемен құттықтаймын деген сылтау айтқан. Оқиға осы кезде болған.

"Үйіне алып қашып кетті, ұзақ уақыт бойы ұрып-соқты. Әйелі мен балаларының көзінше болды. Арақ иісі қатты шығып тұрды", - дейді зардап шеккен қыз.

Қыздың айтуынша, ер адам оны төсінен, басынан ұрған. Алайда оның әйелі жедел жәрдем мен полиция шақыртпаған. Күйеуінің ата-анасына хабарласқан. Ата-анасы келіп, ұлының ашуын басуға тырысқан, ал тоқал болғысы келмеген қызды үйіне жеткізген. Ал таңертең ол полицияға барып, арыз жазған.

"Осы іс бойынша сол күні зардап шеккен азаматшаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жиналған материал сотқа жолданды", - деп пікір білдірді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сот шешімі екі бұрын шыққан. Ер адамға 30 мың теңге айыппұл салынған.

Ал зардап шеккен қыз бұл үкіммен келіспей отыр. "Олар өз ісін білмейтін адамдар деп ойлаймын, сот шешімімен келіспеймін. Кек алғым келеді, жазаланғанын қалаймын", - деді ақтөбелік. Ол сот үкіміне шағым түсіретінін мәлімдеді.

Зардап шеккен адаммен құқыққорғаушылар да келісіп отыр. Олар қылмысты дұрыс бағамдалмаған деп, абюзер қоғамға қауіпті болуы мүмкін екенін айтады.

"Неге қылмыстық іс, адам ұрлау, бостандықтан заңсыз айыру отбасылық-тұрмыстық қақтығыс бола қалды?! Судья, учаскелік полицейлер, прокурорлар! Неге бұрынғы сүйіктісін сабап, миы шайқалғанға дейін ұрып-соғып, адам ұрлауына құқығы бар деп есептейсіздер?" - дейді "НеМолчиKZ" қоғамдық қорының өкілдері.