Ақтөбеде газ өңдеу зауытындағы өрттен зардап шеккен екінші адам көз жұмды

0
479

Бұған дейін оның 56 жастағы әріптесі қайтыс болды.


Ақтөбеде газ өңдеу зауытындағы өрттен зардап шеккен екінші адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Елордалық клиникада Ақтөбе облысындағы Жаңажол газ өңдеу зауытында өрттен зардап шеккен екінші адам қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.

Осыған дейін оның 56 жастағы әріптесінің қайтыс болғаны белгілі болған еді. Оқыс оқиғадан кейін ер адам санавиациямен елордалық ауруханаға жеткізілген еді. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысты, бірақ денесін қатты күйік шалғандықтан, науқас көз жұмды.

Еске салайық, 1 мамыр күні Ақтөбедегі қондырғылардың бірінде өрт шықты. Салдарынан жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан 4 қызметкер күйік алды. Қазір жәбірленушінің бірі Астанада, екіншісі Ақтөбеде ем шараларын жалғастырып жатыр.

"1993 жылы туған науқас қиын жағдайда, бірақ болжамы оң болып отыр. Ол теріні трансплантациялауға дейін өте ұзақ емдеуді қажет етеді. Төртінші пациент жансақтау бөлімінде болды, қазір оның жағдайы тұрақтанды. Ол толық ем алады", - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.