Ақтөбеде із-түзсіз кеткен оқушының денесі табылды

0
917

Іздеу тобы оқушының денесін Алға ауданы, Қарақұдық ауылынан 4 шақырым қашықтықтан тапты.


Ақтөбеде із-түзсіз кеткен оқушының денесі табылды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жоғалған оқушының денесі ауылдан 4 шақырым жерден табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жоғалған Анатолий Лебедевтің денесі табылғанын хабарлады.


«Іздеу тобы оқушының денесін Алға ауданы, Қарақұдық ауылынан 4 шақырым қашықтықтан тапты. Жасөспірімнің денесінде ешқандай зорлық белгісі жоқ. Алдын ала болжам бойынша, оқушы далада үсіп қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, Ақтөбе облысында оқушының Жаңа жыл түні жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз. Жасөспірімді табуға кинологтар да жұмылдырылды.