Ақтөбеде қателесіп, педофил деп айыпталған ер азаматтан ПД басшысы кешірім сұрады

0
1 027

Ақтөбеде полицейлер 9 жасар қызды зорлады деген күдікпен кінәсіз ер адамды қамап ұстаған.


Ақтөбеде қателесіп, педофил деп айыпталған ер азаматтан ПД басшысы кешірім сұрады

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының ПД-нің басшысы педофилге ұқсайды деп айыпталған тұрғыннан әлеуметтік желілерде кешірім сұрады, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы аймақтық ПД-нің баспасөз-қызметі мәлімдеді. Сөздерінше, 12-17 желтоқсан күні ауыр қылмыс жасаған азаматты жедел ұстау мақсатында оқиға болған аумақтарын тінту шаралары ұйымдастырылыпты. Осыған сәйкес жүріс-тұрысымен, киімімен күдіктіге ұқсас азаматтар полиция бөліміне жеткізіліпті.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Нұрлан Шандин тәртіп сақшылары ұстап, бөлімге жеткізген адамдардың қатарында болыпты. Оның киімі суреттеуге сәйкес келгендіктен азамат күдікке түскен.

"Оның қылмыстық іске қатысы жоқ екендігі анықталғандықтан, босатылды. ПД-нің басшысы Атығай Арыстанов өзі жеке ер азаматпен кездесіп, оның алдында кешірім сұрапты. Өз кезегінде ол ер азаматтың суреттерін желіде таратқан адамдардар жауапкершілікке тартылатыны айтты", - делінген баспасөз-хабарламасында.

"Мен полицейлердің өз жұмыстарын атқарғандығын түсінемін, дегенмен менің суретім күдіктінің суреті шатастырылып, таралғаны үшін көңілім түсті", - деді қала тұрғыны.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде полицейлер 9 жасар қызды зорлады деген күдікпен кінәсіз ер адамды қамап ұстағаны айтылған еді.