Ақтөбеде хиджаб киген оқушы қыз сыныптасын көшеде сабап тастады (видео)

0
1 225

Олар сабаған сыныптастарын жерге жатқызып, үстіне отырған.


Ақтөбеде хиджаб киген оқушы қыз сыныптасын көшеде сабап тастады (видео)

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы мектептің 9-сынып қыздары көшеде шаш жұлысып, төбелесіп қалды, деп жазады kaz.nur.kz.

Әлеуметтік желідегі zello_aktobe парақшасында тарап кеткен видеодан хиджаб киген оқушының сыныптасын жерге жығып, шашынан сүйреп жатқанын көруге болады.

Олар сабаған сыныптастарын жерге жатқызып, үстіне отырған. Қыздар төбелесін құрбылардың өздері видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жіберген. Олардың арасындағы төбелестің не үшін шыққаны әзірге белгісіз.

Қазіргі уақытта полиция төбелеске қатысқан қыздардан жауап алып жатыр.

"Кәмелетке толмағандардың өз сыныптастарын ұрып-соғу дерегі бойынша Темір аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізуде. Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сыныптың үш оқушысы әдепсіз қарым-қатынасқа байланысты сыныптасын ұрып-соғып, болып жатқанның бәрін ұялы телефонның камерасына түсірген. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар ауданның оқу орындарында профилактикалық әңгіме өткізді",- деп хабарлайды облыстың ПД-нің баспасөз қызметі.