Ақтөбеде көлік қаққан мектеп оқушысы оқиға орнында көз жұмды

0
960

Ақтөбеде жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 10-сынып оқушысын көлік қағып кетті.


Ақтөбеде көлік қаққан мектеп оқушысы оқиға орнында көз жұмды

ERNUR.KZ. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Келеңсіз жағдай 3 желтоқсан күні сағат 21:05-те болды.

«Ланд Крузер Прадо» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласының Пацаев көшесімен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермеді. Салдарынан 2006 жылы туған жасөспірімді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды«,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

ҚР ҚК «Жол қозғалысы ережесін бұзу« бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші Ақтөбе қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Мұндай қайғылы оқиғаны болдырмау үшін жүргізуші мен жаяу жүргінші жол қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауы қажет. Жүргізуші жаяу жүргінші жолдың жүріс бөлігіне кенет шыққан жағдайда да әрекет ете алатындай жылдамдықпен қозғалуы тиіс",- деді Е.Сарқұлов.