Ақтөбеде колледж студенттері төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды

0
1 435

Ақтөбеде студенттер төбелесіп қалды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалды.


Ақтөбеде колледж студенттері төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде студенттер төбелесіп қалды. Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады ҚазАқпарат.

«29 қаңтар күні облыстық балалар ауруханасына пышақ жарақатымен 2001 жылы туған жасөспірім түсті. Осы оқиға бойынша 17 жастағы жасөспірім ұсталды. Оқиға кеше сағат 14:00 шамасында тіркелді. Олар сөзге келіп қалған. Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пышақ жарақатын алған студент Ақтөбе гуманитарлық колледжінде оқиды. Байғанин ауданының тумасы.

«2-курс студенті математика пәні бойынша білім алады. Алғыр, олимпиадаларға қатысып жүр. Ол кикілжіңге келеді деп ойламаймын. Бізге ағасы хабар берді. Колледж мұғалімдері ауруханаға барды, жағдайын білді. Оған ота жасалған», - деді колледж директорының орынбасары Бибігүл Екібасова.