Ақтөбеде нан алуға дүкенге кірген азамат 27 миллион теңгесінен айрылып қалды

0
2 805

Жәбірленуші тәртіп сақшыларына арызданды


Ақтөбеде нан алуға дүкенге кірген азамат 27 миллион теңгесінен айрылып қалды

фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Ақтөбеде дүкеннен нан алуға барған ер азамат үлкен сомадағы ақшасынан айрылып қалды. Ол қомақты қаражатын машинасында қалдырып кеткен, деп жазады nur.kz.

Оқиға 21 желтоқсан күні сағат жеті шамасында "Анвар" атты гипермаркеттің жанында болған. Дүкеннің алдына машинасын қойған ер азамат нан алу үшін сауда орнына кіріп кеткен.

Осыны пайдаланған ұры жасанды кілт көмегімен оның көлігін ашып, 27 миллион теңгені қолды қылған.

Кәсіпкер тәртіп сақшыларына арыз жазды. Ұрыны құқық қорғау қызметкерлері іздестіруде.