Ақтөбеде полицейлер көпірден секірмек болған жас қызды құтқарып қалды

0
912

Ақтөбе теміржол вокзалындағы жерүсті көпірінен 22 жастағы қыз құтқарылды


Ақтөбеде полицейлер көпірден секірмек болған жас қызды құтқарып қалды

Иллюстрациялық фото: арнайы дереккөзден

ERNUR.KZ. Ақтөбе теміржол вокзалында көпірден секірмек болған 22 жастағы қызды көліктегі полиция қызметкерлері құтқарып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға 17 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 18:35-те болды. Ақтөбе теміржол вокзалындағы жерүсті көпірінен 22 жастағы қыз құтқарылды. Ақтөбе стансасындағы көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Шыңғыс Қамбарбеков пен Жансерік Шаутенов көпірде тұрған қызды көріп, жалма-жан әрекетке көшті.

«1997 жылы туған қыз көпірден секірмек болды. Полиция қызметкерлері өмірден түңіліп, қиналған қызбен сөйлесіп, бойжеткенге моральдық-психологиялық көмек берілді. Теміржол вокзалына әкеліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қыздың өмірін құтқарып қалған полиция қызметкерлері мемлекеттік наградаға ұсынылады», - деді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.