Ақтөбеде су тасқыны кезінде баспанасы қирап қалған адамдар таяуда жаңа үйге қоныстанады

0
699

Өз кезегінде тұрғындар облыс әкіміне ризашылығын білдірді.


Ақтөбеде су тасқыны кезінде баспанасы қирап қалған адамдар таяуда жаңа үйге қоныстанады

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Қобда ауданында 24 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі кезде мұнда төрт мердігер компания бір жобамен үй салып жатыр, деп жазады inform.kz.

Ақтөбе облысы Қобда ауданының орталығында көктемде өзен тасып, ауылда 70-тен астам үй су астында қалды. Мұнда төтенше жағдай жарияланып, тұрғындар уақытша бекеттерге орналастырылды. Кейін мұнда ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильин келіп, мән-жаймен танысты. 24 үйдің құрылысы басталғаны да белгілі болды. Ал бүгін ауданға өңір басшысы құрылыс барысын қарап шықты. Барлығы 4 мердігер компанияда 200-ден астам жұмысшы еңбек етіп жүр. Ауданы 100 шаршы метр болатын тұрғын үйдің қабырғасы қаланып, шатыры жабылған. Пластикалық тереге салынып, ішкі әрлеу жұмыстары басталды.

«Барлық коммуникация жүргізілді. Құрылыс материалдары, жұмыс күші мен арнайы техника жеткілікті, ешқандай мәселе жоқ. Күн сайын үй иелері келіп кетеді. Жұмыс кезінде олардың талап-тілегі ескеріледі», - деді «AiserStroyService» мердігер компаниясының басшысы Айдын Есмұханов.

Өз кезегінде тұрғындар облыс әкіміне ризашылығын білдірді.

«Сіз бірде-бір су тасқынынан зардап шеккен тұрғын назардан тыс қалмайды және барлығы баспанамен қамтамасыз етіледі деп уәде бердіңіз. Уәде орындалды, қолдауыңызға көп рахмет. Біздің тұрғын үй алабымызды «Қобда сity» деп атауды ұсынамыз», - деді ауыл тұрғыны Насифа Алдрабекова.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, үй құрылысы аяқталысымен мұнда жол салынады.

«Мұнда екі айдан аз уақыт ішінде бүкіл қала өсті. Құрылыс қарқыны жоғары. Мен үйді салуға үлесін қосқандардың барлығына алғыс айтамын. Құрылыс аяқталғаннан кейін мердігерлер жол салуға кіріседі», - деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кетейік, көктемгі су тасқыныны болдырмау үшін мұнда ұзындығы 8 шақырым болатын бөгеттің құрылысы да жүріп жатыр.