Ақтөбеде суға түсу маусымы басталғалы 13 адам қайтыс болды

0
829

Ал жиырма алты адам судан құтқарылған.


Ақтөбеде суға түсу маусымы басталғалы 13 адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Шомылу маусымында суға кеткендердің екеуі бала, деп жазады Aktobenews.kz.

Суға кету салдарының басты себептері – белгіленбеген орындарда шомылу, ата-аналары балаларын қараусыз қалдыруы және ересек адамдардың қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Биылғы шомылу маусымы басталғалы он үш адам қайтыс болды. Тіркелгендердің ішінде екеуі бала.

«Қайғылы оқиғалар Ақтөбе қаласынан бөлек Алға, Байғанин, Ойыл, Ырғыз, Мұғалжар аудандарында да тіркелді. Облыстағы барлық жағажайларда кезекшілік жүргізіліп жатыр. Соның арқасында биылдың өзінде жиырма алты адам судан құтқарылды», — дейді Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықов.

Естеріңізге сала кетейік, облыс көлемінде елу бір жағажай ашылған. Оның отыз тоғызы коммуналдық, он екісі жеке жағажайлар болып табылады.