Ақтөбеде теракт жасаған қылмыскер өлі табылды

0
754

2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбеде теракт болып, салдарынан ондаған адам қаза тапқан.


Ақтөбеде теракт жасаған қылмыскер өлі табылды

ERNUR.KZ. Ақтөбедегі терактіден (5 маусым, 2016 жылы) кейін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Асхат Иманғалиев өз-өзіне қол жұмсады. Ол Арқалық маңындағы жабық түрмеде жазасын өтеп жатқан. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық атқару комитеті мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Портал мәліметінше, Иманғалиевтің денесі 11 ақпанда Алматыға жеткізілген. Жерлеу рәсімі қала маңындағы зираттардың бірінде болған.

ІІМ Қылмыстық атқару комитетінің басшысы міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков құзіретті органдар сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын айтты. Ол тергеу шарттарына байланысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартқан.

Асхат Иманғалиев 1986 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауылында туған. Түрмеге қамалғанға дейін ол Ақтөбедегі сауда үйлерінің бірінде ұялы телефон сатумен айналысқан. Тергеу құжаттары бойынша, "Паллада" қару-жарақ сататын дүкен мен әскери бөлімге шабуыл жасаған.

Еске салайық, 2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбеде теракт болып, салдарынан ондаған адам қаза тапқан. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі енгізілді. Алты күнге созылған арнайы операция кезінде 20 жуық адам ұсталып, 18 адамның көзі жойылды.

2016 жылы 28 қарашада Ақтөбе соты 29 адамға қатысты үкім шығарған. Жеті адам өмір бойына бас бостандығынан айырылып, қалғаны екі жыл мен 22 жыл аралығына қамалған. Бір адам ақпарат жасырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған.

2019 жылдың мамырында Арқалық түрмесінде 22 жылға сотталған Айдос Жұбанов туберкулезден қайтыс болған.