Ақтөбеде ұры екі мүгедек зейнеткерді көсеумен ұрып-соққан

0
2 460

45 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.


Ақтөбеде ұры екі мүгедек зейнеткерді көсеумен ұрып-соққан

ERNUR.KZ. Ақтөбеде үйге түскен ұры екі мүгедек зейнеткерді көсеумен ұрып-соққан, деп жазады zakon.kz.

17 қаңтарға қараған түні белгісіз ер адам бөтеннің терезесінен үйге кіріп, қолындағы көсеумен ІІ-топтағы мүгедек 72 жастағы зейнеткерді және оның І-топтағы мүгедек әйелін ұрып, денсаулыққа зиян келтірген. Сөйткен ол қарттардың 20 000 теңге көлеміндегі бар ақшасын алып, оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 45 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Күдікті ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Ақтөбе қалалық уақытша ұстау изольяторына тоғытылды.