Ақтөбеде ұсталған адамды соққыға жыққан 10 полицей қызметінен босатылды

0
834

Әлеуметтік желілерде тараған бейнематериал бойынша облыстық полиция департаменті қызметтік тексеріс тағайындаған.


Ақтөбеде ұсталған адамды соққыға жыққан 10 полицей қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде полиция бөлімшесіне жеткізілген азаматты тәртіп сақшылары соққыға жыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік желілерде тараған бейнематериалда белгісіз біреуді құзырлы орган өкілдері аяусыз тоқпақтың астына алып жатыр. Өкілеттігін асыра сілтеген полицейлерге қолға түскен жанның қарсылық көрсетуге қауқары да жоқ. Полицейлердің оның қолын кісендегені көрініп тұр. Бұл жайт бойынша облыстық полиция департаменті қызметтік тексеріс тағайындаған. Нәтижесінде қылмыстық іс басталып, сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 362, билікті немесе лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Күдікті адамдарды ұстап, полиция бөліміне жеткізген кезінде біздің қызметкерлер соның біреуін ұрған ғой. Қазіргі таңда он полиция қызметкерлері орнынан босатылып, өз қызметтерінен босатылды, - дейді облыстық ПД Басшысы Атығай Арыстанов.