Ақтөбеде жолда қалған автобуста 63 жастағы жолаушы көз жұмды

0
936

Автобус Ырғыз ауданы маңында жолдың ашылуын күтіп тұрған.


Ақтөбеде жолда қалған автобуста 63 жастағы жолаушы көз жұмды

ERNUR.KZ. Полиция қызметкерлері Тәжікстан азаматының денесін Қарабұтақ медициналық-құтқару бекетіне жеткізген, деп жазады ҚазАқпарат.

«5 қараша күні сағат 06:40-та полиция қызметкерлері Тәжікстан азаматын медициналық-құтқару бекетіне жеткізді. 63 жастағы Хучамурод Баеновтың өлім себебі анықталып жатыр. Денесінде зорлық-зомбылық белгісі анықталмады. Ол Ресейден Тәжікстанға бағыт алған автобус ішінде болған. Автобус іші жылы, үсіп кетуі мүмкін емес», -деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Автобус Ырғыз ауданы маңында жолдың ашылуын күтіп тұрды.

Айта кетейік, кеше Самара -Шымкент тасжолында жүздеген көлік тұрып қалды. ТЖД құтқару жұмыстарын жүргізіп, кеше кешке жеңіл көліктің жүруіне рұқсат берді.