Ақтөбеде жыл басынан бері 14 адам жол апатынан қайтыс болды

0
452

Жақында жүк көлігі 19 жастағы қызды қағып кетті.


Ақтөбеде жыл басынан бері 14 адам жол апатынан қайтыс болды

ERNUR.KZ. 10 ай ішінде Ақтөбе облысында 152 ЖКО орын алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жыл басынан бері жол апаттарынан 14 адам қайтыс болып, 141 адам жарақат алды.

Жақында Ақтөбеде ГАЗ-53 жүк көлігінің 59 жастағы жүргізушісі К.Нокин даңғылымен №5 емханаға қарама-қарсы жерде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіге жол бермей, жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан 19 жастағы қызды қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті қозғалыс қатысушыларына жаяу жүргіншілер өткелінде абай болу қажеттігін тағы да еске салады. Жүргізушілер жылдамдықты төмендету, жаяу жүргіншілер өткелінде абай болу қажеттігін ұмытпауы қажет.