Ақтөбелік әйел "Ниваны" сүйреп кетті (видео)

0
2 045

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілердің бірінде ақтөбелік әйел "Нива" автокөлігін сүйреп, елді тәнті еткен бейнежазба тарады.


Ақтөбелік әйел

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілердің бірінде ақтөбелік әйел "Нива" автокөлігін сүйреп, елді тәнті еткен бейнежазба тарады. Видеоны жариялаған @zello.aktobe желі қолданушысы.

Ұлттық нақышта киім киген және орамал тартқан әйел "Нива" автокөлігін арқанмен сүйреп, біршама жерге апарып тастайды. Оған айналада жиналған көпшілік қолдау көрсетуде. Тіпті, әйел көлікті сүйреп межеден асып барып әзер тоқтаған.

Мұны көрген желі қолданушыларының басым көпшілігі ризашылығын білдіріп, таң қалса, енді бірі әйелдің денсаулығын ойлап реніш білдірген.

"Супер- апа! Жарайсыз!", "Ауылдағылар күшті!", "Ойыл ауданындағы Ақшатау ауылы, жерлес апа!" "Несі бар? Күш атасын танымас деген. Бұрындары апанға түсіп кеткен түйені тартып шығарған әжелеріміз болған"деп пікір қалдырған желі қолданушылары.

Енді бірі әйелдің автокөлікті сүйрегенін жаратпай "Биік өкшемен...", "Беліңді ауыртасың ғой", "Бұл әйелдер үшін қауіпті", "Сол сізге керек пе?" дегендер де бар.

видео әлеуметтік желіден алынды