Ақтөбелік дәрігерлер АҚШ азаматына сәтті ота жасады

0
2 288

Ота құны – 1,2 миллион теңге.


Ақтөбелік дәрігерлер АҚШ азаматына сәтті ота жасады

ERNUR.KZ. Ақтөбе медицина орталығы міндетті медициналық сақтандыру жүйесі арқылы шетелдіктерге де ем жүргізіп жатыр. Нейрохирургтер ұзақ жылдан бері Ақтөбеде тұратын мұғалімге ота жасады, деп жазады ҚазАқпарат.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жоспарлы ота жасауға мүмкіндік береді. Құны қымбат операциялар ай сайын жарна аударып отырған адамдар үшін тегін.

«Науқас ақпан айында жедел жәрдем бригадасымен Ақтөбе медицина орталығына жеткізілді. Оны нейрохирургия бөліміне әкелген соң тексеру жүргізілді. Кейін бел омыртқа жарығы анықталып, эндоскопиялық ота жасауға тура келді. Үш күннен соң науқас үйіне жіберілді. Науқас АҚШ азаматы, соңғы 10 жылда өңірде мұғалім болып жүр екен», - деді Ақтөбе медицина орталығы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Ержан Озғанов.

Ота құны – 1,2 миллион теңге. Ал оңалту жұмысына 350 мың теңге жасалады. Бірақ сақтандыру жүйесі арқылы шетелдік емді тегін қабылдап жүр. Қазір оңалту жаттығуларын жасайды.

«Бір ай бұрын ота жасаттым. Операция сәтті өтті. Ақ халаттылардың көмегі зор. Қазіргі кезде денсаулығым жақсы, омыртқам да қалыпқа түсе бастады. Шынымды айтсам, 15 жыл бұрын отаны АҚШ-та жасаттым. Ақтөбелік дәрігерлер де дәл солай сапалы жұмыс істеді. Көзімді ашқан кезде екі дәрігер әр қадамды түсіндірді. Ризамын», - Нейтон Лолер.