Ақтөбелік қария бассейнде көз жұмды

0
670

Ер адам 73 жаста


Ақтөбелік қария бассейнде көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласындағы бассейндердің бірінде 73 жастағы қарияның денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бассейндердің бірінде ер адамның мүрдесі табылды.

«Оқиға орнына төтенше жағдайлар басқармасынан бір адам жіберілді. Кейін оның жүрек талмасы ұстап, мерт болғаны анықталды. Ер адам 73 жаста», - деді баспасөз қызметі.