​Ақтөбелік кәсіпкерлер «Ауыл қамқоршысы» акциясын бастады

0
1 267

Кәсіпкерлер туған жерін дамытуға, мемлекет басшысының барлық әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруға үлес қосуы керек


​Ақтөбелік кәсіпкерлер «Ауыл қамқоршысы» акциясын бастады

ERNUR.KZ. Ақтөбелік кәсіпкерлер Президенттің «Ауыл - ел бесігі» ауқымды жобасын дамыту мақсатында «Ауыл қамқоршысы» акциясын бастады, деп жазады BAQ.KZ.

«Кәсіпкерлердің бір де біреуі игі істен тыс қалмасын. Әрқайсысы өзін тәрбиелеген туған жерін дамытуға, мемлекет басшысының барлық әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруға үлес қосуы керек», - деді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев.

Өткен жылы Ақтөбе облысында 2 млрд теңгеге 344 жоба жүзеге асырылған болатын, яғни жаңа әлеуметтік нысандар салынды, жолда мен көпірлер жөнделді, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы күшейтілді, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетілді.

Осы жылы кәсіпкерлер туып-өскен ауылдарын қамқорлыққа алуды жалғастырып, 2,6 млрд теңгеге көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Осылайша, 289 меценат 199 елді мекенде 314 жобаны жүзеге асыратын болады. Оның ішінде 4 жоба денсаулық сақтау, 16 білім беру, 69 ТКШ, 95 мәдениет пен спорт нысандары бой көтермек. Негізінде, саябақтарды абаттандыру, спорттық және ойын алаңдарын орнату шаралары, жол жұмыстары жүргізіліп, ауыл клубтары мен мәдениет ошақтары жөнделмек.