​Ақтөбелік отбасында 5 ұлдан соң дүниеге ерекше қыз бала келді

0
2 562

Қазіргі уақытта анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы


​Ақтөбелік отбасында 5 ұлдан соң дүниеге ерекше қыз бала  келді

фото: inform.kz

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласының перинаталдық орталығында ерекше ірі қыз бала дүниеге келді. Сәбидің салмағы 6 келі, 350 грамм, деп жазады ҚазАқпарат.

«15 шілдеде дүниеге қыз келді. Сәбидің салмағы 6 келі 350 грамм, бойы 63 сантиметр. Табиғи жолмен босандырып алдық. Қазіргі уақытта анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы. Ол отбасындағы алтыншы бала», - деді Ақтөбе перинаталдық орталығының қызметкерлері.

Ақтөбеде мұндай ірі баланың тууы алғаш рет болып отыр. Ол - Ринат Тастанбеков пен Бибігүл Байболатованың отбасында бес ұлдан кейін туған алғашқы қыз бала.