Ақтөбелік ветеринар панасыз жануарларды өлтіріп өртеп жіберген

0
2 918

Ақтөбеде жануарларды ресми түрде атуға тыйым салынған.


Ақтөбелік ветеринар панасыз жануарларды өлтіріп өртеп жіберген

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жергілікті ветеринар ит-мысықты өлтіріп, кейін оларды өртеп жіберген, деп жазады 24.kz.

Зооқорғаушы үй жануарларын пешке өртеп жатқан сәтін видеоға түсіріп алған.

Бұл жергілікті ветеринарлық қызмет пен қаңғыбас жануарларға арналған панажай арасындағы келісім екен. Яғни, мекемені иесіз ит пен мысық 20 күн паналайды

«Осы уақыт аралығында иесі табылмаса, оларды өлтіреді немесе кремацияланады», - дейді жергілікті ветеринарлық қызмет өкілдері.

Қазір құжаттың мерзімі аяқталған. Сол себепті тараптар осылай жануарлар қаңқасынан құтылуға шешім қабылдаған. Зооқорғаушылар тәуелсіз сараптама жүргізу барысында төрт аяқтылардың уланғаны мен атылғанын анықтаған. Ақтөбеде жануарларды ресми түрде атуға тыйым салынған.