Ақтөбенің Бесқоспа ауылында шектеу шарасы енгізілуі мүмкін

0
645

Мұнда ірі қара малдың арасында белгісіз ауру тарап жатыр.


Ақтөбенің Бесқоспа ауылында шектеу шарасы енгізілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Ақтөбенің Бесқоспа ауылында шектеу шарасы енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Кеңес Қанадбаевқа мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Кеңес Қанадбаевтың айтуынша, Бесқоспа ауылында 6 бас ірі қара малдан белгісіз дерт анықталған.

«Бестамақ ауылдық округінің Бесқоспа ауылында 6 бас ірі қара малдан белгісіз ауру анықталды. Арыз-шағымға байланысты аудандық ветеринария мамандары сынама алынып, Нұр-Сұлтан қаласындағы зертханаға жіберілді. Ренотрахеит ауруы нақтыланды. Осыған байланысты бүгінде ветеринарлық станция мамандарымен іс-шара атқарылып жатыр. Алдағы уақытта ауыл әкімінің шешімімен шектеу шаралары белгіленеді. Республикалық эпизотия жасағының мамандары шектеу қойылған аймақта екпе және дезинфекция шарасын жүргізеді», - деді Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Кеңес Қанадбаев.

Сонымен бірге осы ауданда 2 мал өліп, сынама зертханаға жіберілді.

«Алға ауданында 2 бас мал белгісіз аурудан өлді деп отырмыз. Нақты неден өлгенін анықтау үшін республикалық орталыққа сынама жіберілді. Нәтижесіне қарай жұмыс жүргізіледі», - деді облыстық ветеринария басқарасының басшысы Құсайын Сәрсембай.

Еске салсақ, Алға ауданы Бестамақ ауылында мал арасында белгісіз ауру анықталып, қан сынамасы зертханаға жіберілді. Онда ірі қара арасындағы инфекциялық ауру екені анықталды.