​Қала әкімі жолдағы асфальтты жұлып алды (видео)

0
943

Бұл компания өкілдері атқарған жұмыстары бойынша үнемі ескерту естіп жүреді. Әкім оларды өзі тексереді.


​Қала әкімі жолдағы асфальтты жұлып алды (видео)

Теміртау әкімі Ғалым Әшімов қаланың шығыс бөлігінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының тым нашар екенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 25 мамырда қала әкімі қаланың шығыс бөлігінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көріп қайтты. Теміртау әкімі асфальттың қалай төселіп жатқанын өз көзімен көріп, көңілі толмайтынын айтты. Әкімнің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол мердігерлерден қайтадан жөндеу жұмыстарын жүргізуді талап етті.

"Бұл компания өкілдері атқарған жұмыстары бойынша үнемі ескерту естіп жүреді. Әкім оларды өзі тексереді. Бірақ бүгін Ғалым Әшімов қатты ашуланды. Ол жөндеу жұмыстарының шала жүргізіліп жатқанына ашуланды. Жұмысты толықтай қайтадан орындап шығуды талап етті", - деп хабарлады Теміртау әкімінің баспасөз қызметіндегілер.