Алакөл ұлттық саябағындағы жарылыс видеоға түсіп қалған

0
1 335

Төтенше жағдай салдарынан бір адам қайтыс болып, жеті адам түрлі жарақаттар алған.


Алакөл ұлттық саябағындағы жарылыс видеоға түсіп қалған

ERNUR.KZ. Алматы облысы Алакөл ұлттық саябағындағы жарылыс кезінде бір адам қаза болып, жеті адам ауруханаға түсті. Жарылыс сәті видеоға түсіп қалған, деп жазады kaz.nur.kz.

Видеодан бірнеше адам жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын көруге болады. Біреулер сорғыны жөндеп жатса, кейбіреулері қарап тұр.

Кенет тарс еткен кішігірім жарылыс болады. Оқиғаны бақылап отырғандар айғайлап жібереді.

Еске сала кетейік, ІІМ ТЖК 10 сәуір күні Алакөл ұлттық саябағында автоцистерна сорғысына жасалған жөндеу жұмыстары кезінде төтенше жағдай орын алғанын хабарлаған.

Төтенше жағдай салдарынан бір адам қайтыс болып, жеті адам түрлі жарақаттар алған.

Ескерту! Видеода адамға қатты әсер ететін кадрлар болғандықтан, оны кәмелет жасқа толмағандарға, жүкті әйелдерге және жүйке жүйесі әлсіз адамдарға көруге болмайды.