Алакөлде ер адам демалушыларға шабуылдаған: 8 жастағы қыз зардап шекті

0
634

Алакөл жағалауында белгісіз ер адам балалы отбасыға тас лақтырған.


Алакөлде ер адам демалушыларға шабуылдаған: 8 жастағы қыз зардап шекті

ERNUR.KZ. Шабуыл салдарынан 8 жастағы қыз зардап шекті, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға пансионатты іздеу кезінде болған. Ерлі-зайыпты балаларымен Алакөл жағасынан демалыс аймағын іздеген.

Алакөл ауданы, Ақши ауылында белгісіз ер адам олардың көлігіне тас лақтырған. Шабуыл салдарынан көлікке зақым келіп, 8 жастағы қызы ауыр жарақат алған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында демалушылардың бірі ұсталды, ол - Жаркенттің 28 жастағы тұрғыны. Ер адам мас күйде болғанын айтты. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалып, "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Біраз уақыт құқық бұзушыға қатысты тергеу барысында процестік мәжбүрлеу шарасы – келу міндеттемесі таңдалды", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Қазір қыз облыстық балалар ауруханасына жатқызылып, дәрігерлер бақылауына алынған.