​Алаяқтық жасады деп негізсіз айыпталған азаматтар ақталды

0
1 033

Ақмола облысы Целиноград аудандық сотында сотқа дейінгі тергеу органдарымен алаяқтық жасады деп айыпталған Нұржанов Даурен және Жаманқұлов Дияс ақталды.


​Алаяқтық жасады деп негізсіз айыпталған азаматтар ақталды

Ақмола облысы Целиноград аудандық сотында сотқа дейінгі тергеу органдарымен алаяқтық жасады деп айыпталған Нұржанов Даурен және Жаманқұлов Дияс ақталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Жоғары соттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұржанов және Жаманқұлов өзара сөз байласып зардап шегуші А-ны алдап және жаңылыстырып оның тұрғын үй құрылысына арналған қаражатын иемденді деп айыпталған.

Сот анықтағандай, «ҚазТепло Газ» ЖШС-нің басшылары Нұржанов, Жаманқұлов және зардап шегуші А-ның арасында екі шарт бекітілген: автономды газбен қамтамасыз ету бойынша құрылғыны орнату мен құрастыру және тұрғын-үй құрылысына.

Азаматша А. бірінші шарт бойынша 2 775 000 теңге төлемін төлеп, екінші және үшінші төлемдерді төлемеген, ЖШС-не шартты өзгерту және бұзу туралы жазбаша жүгінбеген.

ЖШС-і және зардап шегушінің арасындағы шарт өз еркімен бекітілген. ЖШС-нің тарапынан шарттағы қажетті және талап етілген барлық шарттар орындалған. А-дан алынған қаражат ЖШС-мен ішінара игерілген шартта келісілген талаптарға сәйкес жұмыс орындалған.

ЖШС-і зардап шегуші А-ға орындауға міндетті жұмыстарды орындауға қаржылық және материалдық мүмкіндігі, нақты айтқанда шартты іске асыруға барлық жағдайы болған.

Азаматша А. аталған аралықта шарт соммасынан 30 пайыздан төмен құрайтын сомманы төлеген. Зардап шегуші А. және ЖШС-нің арасында екі шартты тиісінше орындамау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын азаматтық-құқықтық қатынастар болған.

Сот үкімімен Нұржанов және Жаманқұлов 177-бабының 4-бөлігі «б»-тармақшасы бойынша кінәсіз деп танылып, олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды. Ақталғандарға қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылғаны үшін келтірілген зиянды өтеу құқықығы танылды.

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың апелляциялық өтінішхаты, зардап шегуші мен оның адвокатының апелляциялық шағымы бойынша аталған қылмыстық істі қарады.

Облыстық сот алқасының қаулысымен Нұржанов пен Жаманқұловқа қатысты Целиноград аудандық сотының үкімі өзгеріссіз, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, зардап шегушінің және оның өкілінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылусыз қалдырылды.