Алдағы үш күнде күн ысып, бұршақ жауады

0
377

Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Найзағай, дауыл, желдің күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.


Алдағы үш күнде күн ысып, бұршақ жауады

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" синоптиктері 23-25 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Sputnik.kz.

"Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Найзағай, дауыл, желдің күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.

23-24 маусым аралығында оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, ал 25 маусымда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында да жаңбыр жауады.

23 маусымда Атырау облысының оңтүстігінде, 23-24 маусымда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, 24 маусымда Қостанай облысының оңтүстігінде және 23-25 маусым күні Қарағанды облысының оңтүстігінде күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Сондай-ақ, 24-25 маусым аралығында Қызылорда облысының оңтүстігінде және 25 маусымда Түркістан облысының шөлді аудандарында ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі. Ал 25 маусымда Жамбыл облысының оңтүстігінде плюс 43 градусқа дейін ыстық болады деп болжануда.

Ірі қалалардағы ауа райы

Ертең елордада көшпелі бұлтты, жауынсыз. Күндіз +32 градус, түнде 17 градус жылы. Жұмада күндіз плюс 34, түнде +20 градус.
Алматыда 23 маусымда көшпелі бұлтты, жаңбыр, кей уақытта найзағай ойнайды. Күндіз +32, түнде 20 градус жылы. 24 маусымда да жаңбыр жауады. Плюс 32 градус, түнде 22 градус жылы.
23 маусымда Шымкентте көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай ойнайды. Күндіз +35, түнде +22. 24 маусымда жауынсыз ауа райы болжанады. Күндіз +37, түнде +22 градус.